+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда пневмониямен ауырғандар саны 273-ке жетті

2020 жылғы 25 маусым 17:42
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда пневмониямен ауырғандар саны 273-ке жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан 421 адам инфекциялық стационарда жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте 929 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Өткен тәулікте Қазақстанда 907 адам коронавирус жұқтырған Бекшин КВИ науқастарын рұқсатсыз емдеп жатқан жекеменшік емхана туралы пікір білдірді

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның ішінде 136-сы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 232-сі қалалық көпбейінді ауруханада емделуде.

Ауыр халдегі науқастар саны – 57. Соның ішінде 16 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Пневмониямен ауырғандар саны 273-ке жетті.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде барлығы коронавирус жұқтырған 1267 адам анықталса, соның 835-і жазылып шықты.

Кеше облыста 46 адамның сырқаттанғаны белгілі болды (өсім – 3,8 пайыз). Мұның сыртында клиникалық ауру белгілері жоқ 60 адам тіркелді.

Қазіргі таңда сондай-ақ 29 адам карантиндік, 130 адам провизорлық стационарда жатса, 719 адам үйлерінде оқшауланған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда санитарлық талаптарды бұзған тағы 10 нысанның жабылғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT