+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда отандық өндіруші айына 1,2 млн маска шығармақшы

2020 жылғы 29 қазан 14:02
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда отандық өндіруші айына 1,2 млн маска шығармақшы

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында отандық өндіруші айына 1,2 млн дана маска шығармақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы СҚО-да дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарының тұрақтандыру қоры ашылды Теңіз кенішінде қарашадан бері 140 жұмысшы коронавирус жұқтырды

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, «КАЗМЕДКОМ» ЖШС жеке қорғаныс құралдарын, соның ішінде бірреттік медициналық маска өндіруді қолға алмақ.

Қазіргі таңда отандық өндіруші «Дәрілік заттарға сараптама жүргізу ұлттық орталығы» РМК-ға жеке қорғаныс құралдары ҚР мемлекеттік тізіліміне тіркелу үшін өтінім беріп, бірінші кезеңінен өтті.

Мемлекеттік тіркеуден өтіп, жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі мен сапасын бағалау қорытындысын алғаннан кейін аталған серіктестік іске кіріспекші. Сөйтіп өңір тұрғындарын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ете алады.

Департаменттің мәлімдеуінше, облыста дәрі-дәрмек жеткілікті.

Күні бүгін «КФК «Медсервис плюс», «Талап», «Аманат» және «Amity International» ЖШС көтерме сауда қоймаларында екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар.

Облыс әкімдігі тұрақтандыру қорын құрып, 4 айға 92 млн теңгеге дәрі-дәрмек қорының резерві жасақталды. «Aqjaiyq» ӘКК« ҰК» АҚ мен «Іңкәр» ЖШС ірі дистрибьютерлік компаниясы арасында 25 дәрі-дәрмек түріне келісім жасалды. Ақтөбедегі «Іңкәр» ЖШС дәріхана қоймасынан 91 миллион 15 мың теңгенің дәрі-дәрмектері келді.

Сондай-ақ БҚО әкімдігі «СҚ-Фармация» ЖШС-на 8 дәрі-дәрмек атауы бойынша 16 млн теңгеге өтінім берді.

«Aqjaiyq» ӘКК« ҰК» АҚ-да 1 млн 820 мың дана бірреттік маска резерві бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жаназаға барған ауыл мұғалімінен коронавирус табылғанын жазған едік.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT