Батыс Қазақстанда өрттен келген шығын 207 млн. теңгеге жетті

None
None
ОРАЛ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда 390 өрт оқиғасы тіркеліп, одан келген шығын 207 млн. теңгеге жетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аға маманы Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өткен жылы осы мерзімде 359 өрттен келген шығын 189 млн. теңгені құраған болатын. Биыл 13 адам зардап шегіп, 6 адам қаза тапса, өткен жылы жеті айда 21 адам жарақаттанып, 12 адам мерт болған еді. Өрттің 73-і электр сымының қысқа тұйықталуынан, 61-і тұрғын үйде отпен абай болмаудан, 60-сы қасақаналықтан шығып отыр.

Өткен бір апта ішінде ғана Бөрліде - 39, Зеленовта - 34, Теректі ауданында 30 өрт оқиғасы орын алды. Соңғы кезде, әсіресе, дала өрті өршіп тұр. Биыл жыл басынан бері 673 жану тіркеліп, 64929 гектар жер отқа оранды.

Соңғы жаңалықтар