Батыс Қазақстанда орташа жалақы 71 мың теңгеден асты

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа жалақысы 71255 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.


Ірі және орта кәсіпорындарда орташа жалақы 75728 теңгеге жетті. Өңірде ең көп табысты құрылыс саласында жұмыс жасайтындар табады, мұндағы көрсеткіш - 142174 теңге. Одан кейінгі орында жылжымайтын мүлік, жалға беру, тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатындар - 123221 теңге, өнеркәсіптегілер - 104075 теңге. Ең төменгі нәпақа (34089 теңге) ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы саласында еңбек ететіндердің үлесіне тиеді.

Соңғы жаңалықтар