Батыс Қазақстанда орман өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында орман отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 22 маусым күні Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінде болды.

Сағат 13.15-те Қызылжар елді мекені маңында 9,5 гектар алқапта орман (қарағаш және терек) өртенді.

Оқиға орнында ТЖ департаменті (41 адам, 4 техника), орман шаруашылығы мекемесі (40 адам, 3 техника), жергілікті атқару органдары (10 адам, 2 техника) күштері жұмыс жасады.

«Тілсіз жау» сағат 18.20-да оқшауланып, 22.14-те ауыздықталды.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, 23 маусым күні облыста 39 градус ыстық болуы ықтимал.

БҚО ТЖ департаменті соңғы кезде күннің қатты ысуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталып отырғанын ескертеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Рахмет» азық-түлік дүкенінің өртенгенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар