Батыс Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемін 2010 жылы - 10,9, 2014 жылы 13,8 пайызға көбейту көзделіп отыр

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да машина жасау саласында өнім көлемін 2010 жылы биылғыдан - 1,0, 2014 жылы 6,1 пайызға арттыру көзделіп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған болжамына қарағанда, машина жасау кәсіпорындары заман талабына сәйкес жаңғыртыла бермек. Мәселен, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ мен «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ республикалық кеме жасау мен жүзу және техникалық құралдармен қамту бағдарламаларына қатысуды жалғастырады. «Казтрубпром» ЖШС сорғы-компрессорлық тұрбаларды, ал «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ газкомпрессорлық стансалар мен газ айдау кәсіпорындары үшін жабдықтар шығаруды ұлғайтпақ.

Металлургия мен металл өңдеу саласында өнім 2010 жылы - 3,2, 2014 жылы 20,5 пайызға көбейту жоспарланса, тігін өнеркәсібінде сәйкесінше 0,5 және 5,2 пайызға артпақ.

Мұның бәрі өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемін 2010 жылы - 10,9, 2014 жылы 13,8 пайызға жеткізуге сеп болмақ.

Соңғы жаңалықтар