Батыс Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінде 37,6 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда өңдеу өнеркәсібінде 37,6 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметіне қарағанда, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 8,8 пайызға артық. Осы мерзімде 11,8 млрд. теңгенің азық-түлік өнімдері шығарылды. Атап айтқанда, 1988 тонна ет, 1194 тонна сүт, 70740 тонна ұн, 11090 тонна нан, 11066 тонна макарон өндірілді.

Жыл басынан бері сондай-ақ 11,5 млрд. теңгенің кокс, мұнай, ядролық өнімдері шығарылды.

Соңғы жаңалықтар