Батыс Қазақстанда оқушы балаға қасқыр шапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қазанда Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Талдықұдық кентінде 8 сынып оқушысына қасқыр шапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.

Қазталов ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат бойынша орынбасары Зәйлім Мәжитованың айтуына қарағанда, 14 қазанда таңертең 8 сынып оқушысы қойлары тұрған қораға барған. «Ол қораға кіргенде қасқырды көрген, алайда бөтен ит екен деп ойлаған. Жыртқыш балаға тап берген. Алайда ол қораның төбесіне шығып үлгеріп, құтылған. Ұл бала үлкендерді көмекке шақырған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сағат 8.40-та жасөспірімді Жалпақтал аудандық ауруханасына жеткізді, сол жерде оған құтыруға қарсы екпе салынды. Қасқыр жасөспірімнің оң жақ санын қауып алған. Қазір оның жағдайы бірқалыпты», - деді Зәйлім Мәжитова.

Оның айтуынша, жыртқышты жергілікті тұрғындар атып тастаған. «Жыртқыштың қажетті мүшелері сараптамаға жіберілді. Ол 10 күн ішінде жүргізіледі», - деп атап өтті аудандық әкімдіктегілер. 

Соңғы жаңалықтар