Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 маусым күні сағат 04.30-да Ақжайық ауданы Мерген ауылында болды.

М.Әуезов көшесі 25/2-мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында гараж бен «ВАЗ-2108» автокөлігі отқа оранды.

Өрт аумағы 50 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жау» №10 өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен сағат 05.33-те оқшауланып, 05.46-да ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметке қарағанда, өрт найзағай түскеннен шыққан.

Өңірде 3 маусымға қараған түні найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, мал қорасы мен 125 тонна пішен жанып кеткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ облыста тағы бір жасөспірім суға кетті.




Соңғы жаңалықтар