Батыс Қазақстанда найзағай ойнап, жел күшейеді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 17 қыркүйек күні өңірдің кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар бұршақ жаууы ықтимал.

Орал қаласында да осындай ауа райы сақталып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында ескерту жариялады. Өмірлік маңызы зор нысандар, электр және байланыс желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар алынуда. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар