Батыс Қазақстанда Михаил Шолохов шығармашылығына арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданы Дариян ауылындағы М.Шолоховтың музей-үйінде ұлы жазушының шығармашылығына арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуразия ғалымдар одағы ұйымдастырған отырысқа М.Шолоховтың досы, соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев, жазушы Энгельс Ғаббасовтар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Биыл М.Шолохов музейінің отау тіккеніне отыз жыл толды. Ол жазушының отбасы Ұлы Отан соғысы жылдары тұрған үйде ұйымдастырылған болатын. Дөңгелек үстелге қатысушылар жазушы туралы естеліктерін айтып, шығармалары жөнінде ой бөлісті. М.Шолохов жөнінде деректі фильм де көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар