Батыс Қазақстанда мемлекеттік рәміздерге құрмет әлі де өз деңгейінде емес

None
None
ОРАЛ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында әлі де болса мемлекеттік рәміздерге құрмет өз деңгейінде емес.

Бұл турасында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен өткізген ҚР Президентінің "ҚР Мемлекеттік рәміздер туралы" Конституциялық күші бар Жарлығының облыста орындалу барысы туралы кеңесте мәлім етілді,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес отырысында Бөрлі аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ольга Басимованың, Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиеваның, Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Айгүл Дүйсенованың және Орал қаласы әкімінің орынбасары Талғат Нығметовтың хабарламалары тыңдалды.

Арнайы тексерулер барысында белгілі болғанындай, жеке меншіктегі кәсіпорын-ұйымдарды айтпағанда, мемлекеттік мекемелердің өзінде рәміздердің ережесі толық сақтала бермейді. Мәселен, Бөкей ордасы аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміндегі Ту стандартқа сай емес. Ал аудан әкімдігінде тұрған Әнұранның мәтінінде грамматикалық қателер бар. Осындай мемлекеттік рәмізді құрметтемеу фактілері Бөрлі ауданында да анықталды. Бөрлі ауылдық округінің әкімдігі мен аудандық сот басшылығы Елтаңбаны ілуді "ұмытып" кеткен. Орал қаласында да осындай өрескелдіктер жеткілікті.

«Қайта-қайта тексеріледі, жиналыс сайын айтылады. Сонда да кемшіліктер кетуде. Әсіресе, биліктің бір тармағы болып саналатын соттардың өзі мемлекеттік рәміздерге келгенде салдыр-салақ. Соттар атқарушы билікке тәуелсіз болғанымен, олар да Қазақстан заңы аясында өмір сүреді. Сондықтан осы отырған кеңес мүшелері атынан кеткен кемшіліктерді жою жөнінде облыстық сот төрағасына ұсыныс түсіруді жөн деп таптық», деді кеңес жұмысын қорытындылаған Серік Сүлеймен.

Соңғы жаңалықтар