Батыс Қазақстанда Мәуліт мерекесі кеңінен аталып өтілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Мәуліт мерекесі кеңінен аталып өтілді. Осының қорытындысы іспеттес Орал қаласындағы облыстық қазақ драма театрында Мұхаммед пайғамбардың туылған күніне орай рухани кеш ұйымдастырылды.

Онда облыстық мешіттің өткен жылы атқарған қызметі мәлім етіліп, пайғамбарымызға салауат айтылды.

Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, қазіргі таңда адамдар өзінің сенімін бекітіп, имандылыққа бет бұруда. Еліміздегі тұрақтылық, бейбітші­­лік пен келісім - Елбасы жүргізіп отыр­ған саясаттың нәтижесі. Қазақ халқы азға қанағат, жоққа сабыр еткен. Түсінушілік, келісім, бас­қа да асыл қасиеттер ықылым заманнан бері бойымызға әкенің қаны, ананың ақ сүті арқы­лы да­рыған. Ізгілік, парасат, адами асыл қасиеттерге ие қазақ халқы же­тім, жесірге, кемтарға, елінен, жерінен айырылған өзге ұлт өкіл­дері­не көмегін аямаған. Осынау ізгі қа­сиеттер бұдан былай да елімізді да­мы­туға септігін тигізе бермек.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов Мәуліт мерекесінің маңызына, оның қала ғана емес, ауыл-аймақта тегіс тойланып жатқанына тоқталды.

Жалпақтал халық театрының әртістері діни тақырыпта көрініс көрсетіп, мұсылман әйел­де­рінің киім үлгісі жұртшылық назарына ұсынылды. Әндер орындалып, жас ақындар Мұрадым Мирланов пен Айнабек Бисенғалиев сахнаға шығып, халықты иман­дылыққа үндеді.

Кеш соңында жақсы жұмысымен көрінген имамдарға алғысхаттар, Құран-Кәрімді жатқа оқудан өткен облыстық байқау жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етіліп, ас берілді.

Соңғы жаңалықтар