Батыс Қазақстанда мәдениет саласына қаралған қаржы 2766 млн. теңгеге жетті

None
None
Л. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында мәдениет саласына қаралған қаржы 2766 млн. теңгеге жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, мәдениет басқармасының 2009 жылға арналған бюджеті  жыл басында  2070 млн. теңгені құраған болатын. Облыстық бюджетті нақтылау кезінде саланың мәдениет нысандарын күрделі жөндеуден өткізу үшін қосымша 578 млн. теңге, Бөрлі ауданының жергілікті бюджетінен 118 млн. теңге бөлініп, қазіргі танда  2766 млн. теңгеге жетіп отыр. Осы қаражаттың арқасында ауылдық жерлерде 24 мәдениет үйі мен кітапханаларда, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары   жүріп жатыр.

Биылғы жылғы бір ерекшелік, саланың көп жылдар бойы күрделі  жөндеуден өткізілмей келе жатқан нысандары  ел Үкіметінің «Жол картасы» бағдарламасына енгізілді. Соған сәйкес ауылдық жерлерде 12 нысан және облыстық филармония ғимаратының көлемді аумағын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына республикалық бюджеттен 330 млн. теңге,   облыстан 53,6 млн теңге қаралды.

Соңғы жаңалықтар