Батыс Қазақстанда қылмыс жасағандардың 73,5 пайызы жұмыссыздар болып отыр

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 3514 қылмыс тіркелді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Тергелген қылмыстар бойынша анықталған шығын көлемі 10,4 млрд. теңгені құрайды, мұның 91,6 пайызы экономика саласындағы қылмысқа тиесілі. Облыс құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 2225 адамды анықтаса, соның 1626-сы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыс жасағандардың 73,5 пайызы - жұмыссыздар, 11,2 пайызы әйелдер болса, 10,5 пайызы - жасөспірімдер. 3,1 пайызы мемлекеттік қызметті атқаратындардың еншісіне тиеді. Бұрын қылмыс жасағандар үлесі - 9,4 пайыз.

Соңғы жаңалықтар