Батыс Қазақстанда күздік дақылдарды ору аяқталып келеді

None
None
ОРАЛ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында күздік дақылдарды ору аяқталып келеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түскен өнім, әсіресе, Зеленов ауданында жоғары. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бастығы Николай Зинченконың айтуынша, мұнда «Достық», «Киргенов» сынды шаруашылықтар күздік дақылдардың әр гектарынан 25-20 центнерден жинап алды. Бұл ылғал сақтау технологиясының артықшылығын көрсетіп отыр. Биыл өңірде құрғақшылыққа байланысты 622,3 мың гектардың 368,4 мыңы есептен шығарылды. Ал барлық күздік егіннің көлемі 64,87 мың гектар болса, соның 10,42 мыңы ғана есептен шығарылды.

Облыста құрғақшылыққа қарамастан, сақталған астық қоры бар, келесі жылғы өнімге дейін толық жетеді.

Соңғы жаңалықтар