Батыс Қазақстанда құны 2,5 млрд. теңге тұратын жеті денсаулық сақтау нысанының құрылысы жалғасуда

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында республикалық бюджет есебінен құны 2,5 млрд. теңге тұратын жеті денсаулық сақтау нысанының құрылысы жалғасуда,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осының ішінде Жаңақала ауданы орталығындағы ауданаралық сауықтыру ауруханасы биыл пайдалануға берілмек. Мұнда «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарындағы әскери сынақтардан зардап шеккен оңтүстік аудандар тұрғындары емделетін болады. 

 Биыл аталмыш жеті нысан қаржысынан басқа облыстың денсаулық сақтау саласына 15,8 млрд.теңге, соның ішінде тегін  медициналық көмектің кепілді көлеміне - 12,9 млрд. теңге, медициналық жабдықтар сатып алуға -  0,9 млрд. теңге, күрделі жөндеу жүргізуге 2,0 млрд. теңге қарастырылған болатын. Жыл аяғына дейін 30 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөнделетін болады.

Соңғы жаңалықтар