Батыс Қазақстанда күнбағыс өсіруге ерекше мән беріліп отыр

None
None
ОРАЛ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында күнбағыс дақылын өсіруге ерекше мән беріліп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бастығы Николай Зинченконың айтуынша, күнбағыстың тиімділігі мол, алдымен ол жерді арамшөптен тазартады. Екіншіден, өнімі дәнді дақылдардан кейін жиналатындықтан, орып алуға қолайлы. Үшіншіден, майлы дақыл болғандықтан, құнын жоймайды. Мәселен, биылғы қуаңшылықтың өзінде оның өнімділігі жоғары. Бұл дақыл негізінен Зеленов, Теректі, Бөрлі аудандарында егіледі. Биыл өңірде 31,8 мың гектарға майлы дақыл орналастырылса, соның 26,6 мыңы - күнбағыс. Алдағы жылы мұның көлемін 33,6 мың гектарға дейін ұлғайту көзделсе, соның 31,3 мыңы күнбағыс болмақ. Соңғы кезде Украинадан әкелінген гибрид тұқымдарды топыраққа жерсіндіріп, тұқымды жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Осы айдың аяғында іске қосылатын Теректі ауданындағы «Батыс Күнбағыс» АҚ күніне 20 мың литр күнбағыс майын өндірмек. Чехтардың көмегімен салынған жаңа зауыт жылына 7,4 мың тонна өнім өндіруге қабілетті. Өңір осының 4,5 мың тоннасын ғана тұтынады. Дайын өнімнің 30 пайызы сыртқа шығарылмақ.

Соңғы жаңалықтар