Батыс Қазақстанда күн күрт суытады - ТЖД

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ-ның мәліметі бойынша БҚО-да 6-7 желтоқсан күндері ауа температурасы 16-21 градусқа, кей жерлерде 24 градусқа дейін төмендейді.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу, өмірлік маңызы зор нысандар, электр және байланыс желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда. Тиісті күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Дәл қазіргі сәтте Орал қаласында жел күшейіп, ауа райы құбылып тұр.

Соңғы жаңалықтар