+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда қосымша шектеу шаралары күшейтіледі

2020 жылғы 30 наурыз 21:22
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда қосымша шектеу шаралары күшейтіледі

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 31 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың брифингіде мәлім еткеніндей, коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында қосымша шектеу шаралары қабылданып отыр.

Өңірдің барлық қала, аудандар мен елді мекендерінде тұрғындардың жүріп-тұруы шектеледі.

Сонымен қатар азық-түлік дүкендерінен басқа барлық қызмет көрсетуші орындар (салондар, қонақүйлер) жабылады. Бірқатар банктер қызметін тоқтатады немесе жартылай жұмыс істеуге көшеді.

«Барлық қоғамдық орындарда, әсіресе, тамақ сататын базар, дүкендер аумағында, көшелерде, тұрғын үйлер ауласында дезинфекциялық шаралар күшейтіледі», - деді М.Арыспаев.

Қалада қоғамдық көліктердің кестесіне өзгеріс енгізіліп, автобустар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, таңғы 06.00-ден кешкі 19.00-ге қатынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да науқастың жеке мәліметтерінің таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ өңірде коронавирусқа қатысты 92 адам карантинде жатыр. Сондай-ақ, карантиннен қашқан бір адамға айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT