+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда коронавируспен стационарда жатқандар саны 400-ден асты

2021 жылғы 10 маусым 23:32
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда коронавируспен стационарда жатқандар саны 400-ден асты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 405 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанға 62 мыңнан астам доза ресейлік вакцина жеткізілді Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысында қанша адам вакцина алғанын айтты Нұр-Сұлтан қаласы әлі «қызыл» аймақта тұр

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, соның ішінде Орал қаласындағы 600 төсектік 5 стационарда 347 науқас жатыр.

Жансақтау бөлімшесінде жатқандар саны 30-ға жетті.

Облыста 1444 төсек-орын (679-ы инфекциялық, 765-і карантиндік) резерв ретінде әзірленді.

Жыл басынан бері өңірде 14074 адам коронавирус жұқтырса, соның 9253-інің ауру белгілері болса, 4821-і – симптомы жоқтар.

Ауырғандардың 55,8 пайызы (7856) Орал қаласында, 14,3 пайызы Бәйтерек, 11,1 пайызы (1570) Бөрлі ауданында тіркелген.

Облыста ковидті анықтайтын 13 зертхана жұмыс жасайды. Соңғы тәулікте 2429 зерттеу жүргізілді.

Өңірде 74491 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші, 35474-і екінші компонентімен егілді.

Вакцинациялау жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 285 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT