Батыс Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 39 адам жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан 39 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, өткен тәулікте 166, бір аптада 1343 адам індет жұқтырды.

Пневмониямен ауырған 450 науқас стационарда, 40-ы амбулаторлық ем алуда.

Күні бүгін инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 1, инвазивті емес осындай құрылғыға 5, оттегі концентраторына 20, орталықтандырылған оттегі көзіне 135 адам қосылған.

Облыста 1115 төсектік 11 инфекциялық стационарда 617 адам емделуде. Жұқпалы аурулар ауруханалары 55,3, жансақтау бөлімшелері (74 төсек) 52,7 пайызға толған. Сондай-ақ 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 5 адам жатыр.

Резерв ретінде 1452 (687-сі инфекциялық, 765-і карантиндік) төсек-орын әзірленді.

Басқарма мәліметіне қарағанда, биыл 693, оқу жылы басталған қыркүйектен бері 898 бала коронавирус жұқтырды.

Ірі кәсіпорындардан «Жайықмұнай» ЖШС-да жыл басынан бері 38, Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясынан 96 адамнан індет табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда төрт күнде 700-ге жуық адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар