Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған 70-ке жуық бала ем алып жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 67 бала ауырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, олардың бәрі де амбулаторлық ем алуда.

Жыл басынан бері барлығы 2189 бала сырқаттанса, соның осы кезге дейін 2122-сі жазылып шықты.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, күні бүгін 1459 төсектік 20 инфекциялық стационарда 526 адам емделуде. Соның ішінде 423-і Орал қаласында.

Жансақтау бөлімшелерінде 44 науқас жатыр.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 14,8 пайызға (120-ға) төмендеді.

Індет тарай басталғаннан бері облыс бойынша барлығы 35 578 науқас тіркелсе, соның 27 443-і емделіп шықты. 695-і коронавирустан көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирусқа шалдыққан 40-тан астам науқастың ауыр халде жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда мектепте кварцтан 10 оқушының көздері зақымданды.


Соңғы жаңалықтар