+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған 430 адам стационарда емделіп жатыр

2021 жылғы 18 маусым 17:46
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған 430 адам стационарда емделіп жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 430 адам инфекциялық стационарларда емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тұрғындары 15 қарашаға дейін емханасын ауыстыра алады Қарағанды облысында 300-ден астам жас дәрігер баспанамен қамтамасыз етілмек Елордада ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтің айтуынша, соның ішінде 28-і жансақтау бөлімінде жатыр.

Жансақтау бөлімінде жатқандардың 18-і немесе 64,2 пайызы – 60 жастан асқандар. 14 науқастың 11-і жүрек-қан тамырлары аурулары, үшеуі қант диабетіне шалдыққан.

«Жасы алпыстан асқандар қауіпті топқа жатқызылады. Егде жастағылар инфекциялық ауруханаларға жиі түседі әрі созылмалы дерттері болғандықтан, оларды емдеу қиын. Сондықтан қариялардың аса бір қажеттілік болмаса, үйден шықпағаны, адамдар көп жиналатын жерлерге бармағаны жөн», - дейді Арман Талғатұлы.

Оның сөзіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері облыста 359, соның ішінде 2020 жылы 169, биыл 190 адам көз жұмды. Коронавирустан қайтқандар саны, әсіресе, соңғы айларда көбейіп кетіп отыр. Қаңтарда 28, ақпанда 15 адам өмірден өтсе, наурызда 30, сәуірде 42, мамырда 56, маусымда жарты айда 19 науқас қайтыс болды. Бұлардың 100-і әйелдер болса, 90-ы – ер адамдар. Қайтқан науқастардың 91 пайызында (172) созылмалы дерттері болған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанға 62 мыңнан астам доза ресейлік вакцина жеткізілгенін, өңірде маусым айында 1300-ден астам адамның коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT