Батыс Қазақстанда Көрісу мерекесі кеңінен тойланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бүгін Көрісу мерекесі кеңінен тойланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласында Абай алаңында алдымен Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері көрісу дәстүрін көрсетіп, бата-тілектер айтылды. Көрермендер ақ пен бауырсақтан дәм татты. Студенттердің флеш-мобынан кейін А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрының алдында «Бір жасыңмен!» атты театрландырылған концерт қойылды.

Шара барысында жиналған жұртшылықты қала әкімі Мұрат Мұқаев құттықтап, Көрісудің ежелден келе жатқан дәстүрлі мейрам екендігін, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес оны тойлаудың аясы кеңейіп, жалпыұлттық мерекеге айналып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар Көрісуді өзге ұлт өкілдері де атап өтуде.
null null 

Айта кетейік, бүгін Көрісу мерекесіне байланысты облыс аудандарында да шаралар ұйымдастырылды. Мысалы, Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округінде орналасқан, өңірден Қазақстанның киелі орындарының қатарына енген алты нысанның бірі «Жұмағазы хазірет - Дәдем ата» мекенінде арнайы ас берілді. Онда белгілі айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязова ұлттық салт-дәстүр мен тәрбиеге байланысты тағылымды әңгімелер айтса, танымал күйші, домбыра жасаушы шебер, республикалық «Үкілі домбыра» байқау-бәйгесінің екі мәрте жүлдегері Едіге Нәбиев күй шертті. Басқа да орындаушылар өз өнерін аяп қалған жоқ. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар