Батыс Қазақстанда қора-қопсы мен пішен өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қора-қопсы мен пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 17.01-де Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округі Қоржын ауылында орын алды.

Д.Нұрпейісова көшесі №2 мекенжайында 210 шаршы метр шаруашылық құрылысы отқа оранып, 10 тонна пішен жанып кеткен.

Өртті сөндіруге 4 адам, 1 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 23.05-те ауыздықталды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда сауда үйінің маңында көлік жанып кеткенін жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар