02:23, 06 Наурыз 2022 | GMT +6
Батыс Қазақстанда көктайғаққа байланысты жолдар жабылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жыл көктайғаққа байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 5 наурыз күні сағат 23.10-нан бастап республикалық маңызы бар Атырау-Орал (492-189 км, Оралдан Атырау облысына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Сол секілді БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша сағат 23.30-дан бастап облыстық маңызы бар Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км, Тасқала-РФ шекарасы) және Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км, Үлкен Шаған-Переметный) жолдары жабылды.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда су басу қаупі бар 445 жол учаскесі анықталғанын жазған болатынбыз.