Батыс Қазақстанда көктайғаққа байланысты республикалық жолдар жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша жергілікті сағат 13.30-дан бастап республикалық маңызы бар Орал-Атырау (189-492 км, Оралдан Атырауға дейін), Самара-Шымкент (265-526 км, Подстепныйдан Ақтөбеге дейін) күре жолдары барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Жабылу себебі – жаңбыр, көктайғақ.

Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, тұрғындарға СМС хабарламалар жіберіліп жатқандығын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ер адамды жүк көлігімен қағып, қашып кеткен шетелдік жүргізушінің ұсталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар