Батыс Қазақстанда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары биылғы бірінші тоқсанда 3,7 млрд. теңгенің қызметін көрсетті

None
None
ОРАЛ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары биылғы бірінші тоқсанда 3,7 млрд. теңгенің қызметін көрсетті, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 23,7 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, барлық қызмет көрсету көлемі мемлекеттік емес сектор үлесіне тиесілі. Қызмет көрсету көлемі жеке меншік кәсіпорындарда 1,2 млрд. теңгені (31,5%), басқа елдердің меншігіндегі заңды тұлғалар мен азаматтарда 2,5 млрд. теңгені (68,5%) құрады.

Ірі және орта кәсіпорындар 3,0 млрд. теңгенің (82,4%), шағын кәсіпорындар 0,2 млрд. теңгенің (4,8%), жеке кәсіпкерлер 0,5 млрд. теңгенің (12,8%) қызметін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар