Батыс Қазақстанда киікті заңсыз аулағандар ұсталды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Сайқын-Орал бағыты бойынша қатынайтын таксидің салонын полицейлер мұқият тексерген кезде көлік ішіндегі бір жолаушының қапшығынан 88 дана киік мүйізі табылған.

БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, полиция полковнигі Фатихолла Маштақовтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, республиканың бір қиырынан шалғайдағы Бөкей ордасы ауданына келіп, заңсыз киік аулаған Алматы облысы Қарасай ауданының 28 жасар тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалмақшы.

 Киіктердің «Қызыл кітапқа» енгізілгеніне қарамастан, Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері де осы ауданның Қарасу ауылында тұратын екі адамды ұстады. Тексеру жүргізу барысында «ГАЗ-31010» автокөлігінен бір киік еті мен заңсыз аң аулау кезінде қолданылған қару табылды.

Аталған фактілер бойынша тексерулер жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар