2009 жылғы 5 қазан 08:15

Батыс Қазақстанда Кеңес Одағының Батыры С.Жақсығұловты еске алуға арналған жарыс мәреге жетті

ОРАЛ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданы орталығында қазақ күресінен Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұловты еске алуға арналған дәстүрлі турнир мәреге жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1976 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жарысқа бұл жолы Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстарынан, сондай-ақ БҚО аудандарынан 117 балуан қатысты. Әр салмақта үздік шыққандар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Оралдық белгілі спортшы Еділ Үсенов турнирдің «түйе балуаны» атанып, «темір тұлпарды» иеленді.

Жарыстың бас төрешісі Берік Жұмағалиевтің айтуынша, Ұлы Жеңістің 65 жылдығы тойланатын алдағы жылы турнирді кең көлемде ұйымдастыру ойластырылуда. Бұрын Кеңес Одағы кезінде аталмыш турнирге өзге республикалардан да спортшылар келетін және жеңімпаз атанғандарға спорт шебері атағы берілетін. Осындай мәртебе берілсе, сөз жоқ, жарыстың маңызы арта түсер еді.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT