Батыс Қазақстанда казан айында 1 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қазан айында 1 018 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның 56 пайызы (566) ЖРВИ белгілерімен тексерілген.

Сондай-ақ 28 пайызы (288) бұрын ауырғандармен байланыста болған. 15 пайызы (154) профилактикалық мақсатта, 1 пайызы (10) стационарға жатқызар алдында сынама тапсырған.

Сырқаттанғандардың көпшілігі (279) - 41-60 жас аралығындағылар.

Жыл басынан бері барлығы 29 269 науқас тіркелсе, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда, 4421,8-ден келеді.

Соңғы аптада (14-20 қазан) алдыңғымен (7-13 қазан) салыстырғанда, ауырғандар саны 12,6 пайызға (363-тен 317-ге) төмендеді.

Департамент мәліметі бойынша соңғы төрт күнде 153 адамнан індет табылды.

Пандемия басталғаннан бері тіркелген 38 490 науқастың 19 255-і Орал қаласының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 232 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар