Батыс Қазақстанда «Қазақша сөйлесейік» іс-шарасы басталды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Қазақша сөйлесейік» іс-шарасы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты өткізіп отырған шара мақсаты - мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейту. Шара аясында халыққа қызмет көрсететін мекемелерге баса назар аударылмақ. Қоғамдық көлік, сауда орталықтары, көңіл көтеру және сауықтыру кешендері, жарнамалық тақтайшалар назардан тыс қалмайды.

Мектептерде, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында қоғам қайраткерлерімен, жазушы, ақындармен, ғалымдармен кездесулер жоспарланған. Сондайақ түрлі шығармашылық сайыстар мен мәдени шаралар да өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар