Батыс Қазақстанда қайырымдылық айлығы аясында шаралар ұйымдастырылуда

None
None
ОРАЛ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қайырымдылық айлығы аясында шаралар ұйымдастырылуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты облыстық жалпы үлгідегі қарттар үйінде концерт ұйымдастырды. Аталмыш қарттар үйінде 570 адам болса, соның 259-ы - қамқорсыз қалған қариялар, 311-і жүйке дертіне шалдыққан.

Әдемі ән мен әсерлі күй тыңдаған қамкөңіл жандар өздеріне қуаныш сыйлаған «жасотандықтарға» риза болды.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (ректоры, ғылым докторы, профессор Қазыбай Бозымов) қайырымдылық мақсатына 1 млн. теңге бөлді. Бұрын осы оқу орнында қызмет еткен 90 зейнеткерге 10 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар