Батыс Қазақстанда кәсіпкерлер құқығын қорғайтын жедел топ құрылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда облыс прокуратурасының бастамасымен кәсіпкерлер құқығын қорғауға байланысты жедел топ құрылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Топ құрамына облыстық прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы, «Нұр Отан» ХДП мен «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық-экономикалық палатасы облыстық филиалдары, БҚО кәсіпкерлері тәуелсіз қауымдастығы және БАҚ өкілдері енгізілген.

Жедел топ кәсіпкерлік нысандарына қатысты заңбұзушылықтар орын алғандығы жөнінде хабар жеткен бойда атқа қонатын болады. Кәсіпкерлер сондай-ақ арнайы сенім телефоны арқылы да хабарласа алады.

Соңғы жаңалықтар