Батыс Қазақстанда қарасора алқабы жойылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданы Трекин ауылына жақын жерде қарасора алқабы жойылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер қызметкерлері мен шекарашылар бірлесіп анықтаған алқаптан жабайы өскен барлығы 4 тонна 160 кг қарасора жиналып алынып, түгелдей өртелді. Мамандардың пайымдауынша, мұның құны 4 млн. АҚШ долларынан асады. Қарасора бұрын бау-бақша дақылдары егілген, кейін иелері тастап кеткен жерге өсірілген. Қазір оған кімнің қатысы бары анықталуда.

Биыл өңірде 17 килә есірткі заттары тәркіленсе, соның 5 киләсі - героин, 12 киләсі - марихуана.

Соңғы жаңалықтар