Батыс Қазақстанда қарашада азық-түлік бағасы 0,6 пайызға арзандады

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қарашада алдыңғы аймен салыстырғанда азық-түлік бағасы 0,6 пайызға төмендеді.

Облыстық статистика департаментінен  хабарлағанындай, әсіресе, ұн - 7,8, жеміс-жидек пен көкөніс - 4, картоп 9,8 пайызға арзандады.

Азық-түліктік емес тауарлар 0,6 пайызға көтерілді. Мұнда бензин - 7,9, дизельді отын 8,9 пайызға қымбаттаса, цемент 2,2 пайызға төмендеді. Тұрғындарға ақылы қызмет өзгеріссіз қалды. Ал 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда азық-түлік - 2,8, азық-түліктік емес тауарлар - 8,0, ақылы қызмет құны 12,2 пайызға өсті.

Соңғы жаңалықтар