Батыс Қазақстанда карантинге жабылған мектептер саны 13-ке жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында карантинге жабылған мектептер саны 13-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, үшінші тоқсанда 11 қаңтардан бастап 167 оқушы коронавирус жұқтырса, соның 89-ы дәстүрлі сипатта, 78-і қашықтан көшті.

Облыста 8-12 ақпан аралығында қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 13 мектеп 14 күнге карантинге жабылып, онда оқитын

шәкірттер қашықтан білім алуда.

Ал оқу жылы басталғаннан бері барлығы 381 оқушыдан індет табылды.

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, 1 ақпаннан бері 889 адамның ауырғаны анықталып, олармен қарым-қатынаста болған 1056 адам медициналық бақылауға алынды.

Соңғы аптада (5-11 ақпан) алдыңғы аптамен (29 қаңтар – 4 ақпан) салыстырғанда, дерттің 11 пайызға (613-тен 553-ке) төмендегені байқалады.

«Ақпанда сырқаттанғандардың 259-ы (29,1 пайызы) – жұмыс істейтін адамдар, 264-і (29,6 пайызы) – зейнеткерлер, 213-і (23,9 пайызы) – жұмыссыздар, 58-і (6,5 пайызы) – оқушылар, 24-і (2,6 пайызы) – мұғалімдер, 29-ы (3,4 пайызы) медицина қызметкерлері болып отыр», деді Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да карантин талабын бұзғандарға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын, тоғыз мектептің карантинге жабылғанын, 1 мың адамға коронавирус екпесі салынғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда жұқпалы аурулар стационарында жатқандар саны 350-ден асты.






Соңғы жаңалықтар