Батыс Қазақстанда карантин шаралары күшейтілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 9 шілдедегі қаулысына сәйкес COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерді (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмысқа жіберу шектеледі.

Сондай-ақ ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлеріне (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жеті күнде бір рет міндетті ПТР тестілеу жүргізіледі.

Саябақ, жағалау, аландарда және скверлерде балаларға және ересектерге арналған көлік құралдарын (электромобиль, педальді машина, скутер, картинг, гироскутер және т.б.) жалға беруге тыйым салынады.

Басқа да шектеу шаралары сақталады.

Аталған қаулы 11 шілдеден бастап күшіне енеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 122 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы егілгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар