+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда ірі азық-түлік дүкені жанып кетті

2020 жылғы 7 тамыз 10:24
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда ірі азық-түлік дүкені жанып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ірі азық-түлік дүкені жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда анасының қарауынсыз қалған үш қыз бала ауруханаға түсті Жамбыл облысында бес жасар баланы зорлау ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр Алматыда таксист жерасты жолына түсіп кетті

БҚО Төтенша жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 6 тамыз күні кешкісін Жәнібек ауылында болды.

Сағат 21.18-де «Удача» дүкенінің төбесі жанып жатқаны жөнінде хабар түсті.

Өрт аумағы 130 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға №21 өрт сөндіру бекеті (9 техника, 2 техника) және ерікті өрт сөндіру құрылымы (18 адам, 3 техника) жұмылдырылды. Сондай-ақ жедел құтқару жасағы (2 адам, 1 техника), өрт зерттеу зертханасы (2 адам, 1 техника) мамандары да қатысты.

Өрт бүгін сағат 00.55-те сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да күшті жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын жұлып әкеткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT