+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарлар саны 18-ге жетті

2021 жылғы 4 мамыр 14:45
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарлар саны 18-ге жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында инфекциялық стационарлар саны 18-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қош бол, локдаун! Британия тұрғындары шектеулердің алынғанын тойлап жатыр Денсаулық министрлігі вакциналау арасындағы интервалды нақты анықтауы керек – Асқар Мамин Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді - Алексей Цой

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қазіргі таңда 1123 төсектік 18 ауруханада 566 науқас ем алуда.

Инфекциялық стационарлар 50,4 пайызға толған.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері облыста 10459 адам коронавирус жұқтырса, соның 6634-інде ауру белгілері бар, 3825-і – симптомы жоқтар.

Тіркелгендердің тең жартысынан астамы немесе 59,4 пайызы (6219) Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Бәйтерек ауданында 1262 (12 пайызы), Бөрліде 1114 (10,6 пайызы) адам сырқаттанды.

Індет басталғаннан бері барлығы 19680 адам (11299-ы – ауру белгілері бар, 8381-і – симптомы жоқтар) дертке шалдықты. 15384 адам сауығып шықса, 286-сы көз жұмды.

«Соңғы тәулікте 73 адам (51-інің ауру белгілері бар) ковидпен тіркелсе, 26 науқас жазылып шықты. Алдыңғы аптамен салыстырғанда, соңғы аптада індет жұқтыру көрсеткіші 18,5 пайызға (222-ге) төмендеді», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда төрт күнде 577 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT