+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 500-ге жуықтады

2021 жылғы 8 сәуір 16:48
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 500-ге жуықтады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 710 төсектік 9 инфекциялық стационарда 483 адам жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің 524 маманы вакцина салдырды Вакцинация Еуропаның барлық елінде қарқын алды – Еурокомиссия президенті Коронавирусқа қатысты ауқымды статистика мамырда дайын болады - ДСМ

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, жұқпалы аурулар ауруханалары 68 пайызға толған.

Соның ішінде 28 адам жансақтау бөлімшесінде ем алуда.

Облыста бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 754-ке жетті.

Пневмонияға шалдыққандардың 411-і стационарда, 52-сі амбулаторлық ем алуда.

Инвазивті тыныс алу аппаратына 2, инвазивті емес осындай құрылғыға 10, оттегі концентраторына 39, орталықтандырылған оттегі көзіне 129 адам қосылған.

Жыл басынан бері 487 бала коронавирус жұқтырды.

Ірі кәсіпорындардан Чинарев мұнайгазконденсаты кенішіндегі «Жайықмұнай» ЖШС-да биыл 37 адамнан індет табылды.

Сондай-ақ Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 77 адам тіркелді.

Облыс бойынша осы кезге дейін 9249 адам вакцинаның бірінші, 2690-сы екінші компонентімен егіліп үлгерді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда соңғы төрт күнде 235 адамның коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT