+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 455-ке жетті

2021 жылғы 23 маусым 14:07
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 455-ке жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда жатқандар саны 455-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында түрмеде «Ashyq» жүйесі іске қосылды Түркістан облысында 36 азамат «қызыл» статуспен қоғамдық орындарға барған Бельгияда 12 жасар қыз вакцинация сертификатын алды

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның ішінде Оралда 600 төсектік 5 стационарда 375 науқас емделуде.

Соның ішінде 36-сы жансақтау бөлімінде жатыр.

Басқарма мәліметіне қарағанда, 1444 (679-ы инфекциялық, 765-і карантиндік) төсек-орын резерв ретінде әзірленді.

Алдыңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 13 адам ғана тіркелсе, кеше 88 науқас анықталды.

Соңғы тәулікте алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 7,2 пайызға (37) төмендеді.

Індет басталғаннан бері облыста барлығы 24189 адам сырқаттанып, 19378-і сауығып шықты.

Коронавирустан қайтқандар саны - 364.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бір күнде коронавирустан 138 адам сауығып шыққанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT