Батыс Қазақстанда ХҚО-лар жұмысы жанданды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиалының PR-менеджері Ақнұр Нұрғалиеваның мәлім еткеніндей, Орал қаласындағы №1 және №2 халыққа қызмет көрсету бөлімдеріі қайта ашылды.

Аудандық бөлімдер азаматтарды штаттық режимде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдауда.

Орал қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі (автоХКО) уақытша жұмыс істемейді.

«Бұдан бұрын интернеттің жоқтығына байланысты халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысы тоқтатылған болатын», деді А.Нұрғалиева.

PR-менеджер 645 мемлекеттік қызметті eGov.kz порталы және 120-дан астам мемлекеттік қызмет түрін eGov mobile қосымшасы арқылы алуға болатынын еске салды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 72 сәбиге «Сүйінші» сыйқорабы табыс етілгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар