Батыс Қазақстанда халық санағы кезінде 1 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа алынбақ

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында халық санағын өткізу кезінде 1 мыңнан астам адамды уақытша жұмысқа алу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық статистика бюросы БҚО бойынша департаментінің басшысы Болтай Әлімбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, олар нұсқаушы-бақылаушы, интервьюлерлер ретінде жұмысқа тартылмақшы.

Болтай Мәжитқызының сөзіне қарағанда, уақытша жұмысқа жасы 18-ден асқан, бастамашыл, жауапты адамдармен тез тіл табысып, компьютермен жұмыс жасай алатын Қазақстан азаматтары алынады. Жұмыс өтілі мен кәсіби біліміне қатысты талап қойылмайды.

«Қазіргі уақытта үш адамнан тұратын халық санағын дайындық және өткізу бөлімі жасақталды. Олар облыс бойынша санаққа дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ уәкілдердің, нұсқаушы-бақылаушылардың және интервьюерлердің жұмыстарын бақылайды. Сонымен қатар әрбір ауданда және қалада 7 айға ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша нұсқаушы ( уәкілетті) ретінде 42 адам, халық санағының 1 кезеңін өткізуге 1,5 айға 26 нұсқаушы-бақылаушы және 1 айға 172 интервьюер қабылданды. Санақ қызметкерлерімен ақылы қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасалды», деді Б.Әлімбаева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын халық санағын жүргізетін қызметкерлерге қанша еңбекақы төленетіні жазылған болатын.



Соңғы жаңалықтар