Батыс Қазақстанда ГАЗель автокөлігінің түгі қалмай жанып кетті

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ГАЗель автокөлігі түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 3 тамыз күні Теректі ауданы аумағында Федоров-Ақсай жолының 30-шақырымында болды.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, сағат 16:57-де Придорожный ауылы маңында ГАЗель автокөлігі отқа оранды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам (1 техника) жұмылдырылып, «тілсіз жау» сағат 18:00-де ауыздықталды. Адамдар аман.

«Жыл басынан бері облыс аумағында 59 автокөлік (өткен жылы осы мерзімде – 50) өртеніп кетті. Мұның негізгі себебі – электр сымдары мен жабдықтарының қысқа тұйықталуы, сондай-ақ көлік құралдары иелерінің қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ер адамның 7 жастағы інісімен Жайық өзеніне батып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар