Батыс Қазақстанда есірткі қылмысы өсіп отыр

None
None
ОРАЛ. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының бірнеше тұрғыны есірткі сату үстінде ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, қазанның 12-сінде 1983 жылғы М. деген азамат  3,65 грамм кептірілген марихуананы сатқан. Оның  «Ауди-80» автокөлігін тексеру үстінде тағы 2,09 грамм, ал пәтерінен 14,84 грамм марихуана, 11 түрлі алтын бұйымдар табылған.

Есірткі өткізушілер түнгі клуб, кафелерді жиі төңіректейді. Айталық, қыркүйектің 28-інде «Уэкенд» түнгі клубы жанында 23 жасар азамат 3,25 грамм есірткі сатқан. Ал қазанның 12-сінде ол «Ирбис» кафесі жанында 3,44 грамм марихуананы «жытыру» үстінде қолға түскен. Қазанның 16-сында «Көкнәр» іс-шарасы барысында оқу орны жанында  93,84 грамм марихуана өткізген 1970 жылғы О. деген азаматша да ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

Биылғы тоғыз айда статистикалық деректер бойынша есірткіге байланысты 219 қылмыс тіркеліп, өткен жылғыдан 6,2 пайызға өсіп отыр.

Соңғы жаңалықтар