Батыс Қазақстанда ерекше еңбегі сіңген адамдарға «Облыстың құрметті азаматы» атағы берілетін болады

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ерекше еңбегі сіңген адамдарға «Облыстың құрметті азаматы» атағы берілетін болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрметті атақты беру туралы ереже облыстық мәслихат сессиясында қабылданып, әділет департаментінде тіркелді. Ережеге сәйкес аталмыш атақ қысылтаяң жағдайларда батырлық көрсетіп, ерлік жасағандарға, Қазақстан Республикасының жоғары наградаларымен марапатталғандарға, облыс экономикасы мен әлеуметтік, ғылым, әдебиет пен өнер, халыққа қызмет көрсету, спорт салаларында үлкен табыстарға қол жеткізген және басқалай да айрықша көзге түскендерге берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар