Батыс Қазақстанда елікті заңсыз атып алған адам қолға түсті

None
None
ОРАЛ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазанның 18-інде Барбастау-Индер жолының 41-шақырымында «ВАЗ-2108» автокөлігі тоқтатылып, оның артқы жүксалғышынан еліктің еті мен бір ұңғылы, 12-калибрлі аңшы мылтығы табылды.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, полиция полковнигі Фатихолла Маштақовтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Орал қаласының 1961 жылғы тұрғыны елікті Теректі ауданы Қызылжар ауылы маңынан атып алған.

Қазіргі кезде шығын көлемі анықталып, іс тергелу үстінде.

Соңғы жаңалықтар