Батыс Қазақстанда Елбасы Жолдауын насихаттау, «Жол картасының» орындалуын қадағалау мақсатында ақпараттық-насихат топтары сапарға шықпақ

None
None
Л. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Елбасы Жолдауын насихаттау,

«Жол картасының» орындалуын қадағалау мақсатында ақпараттық-насихат топтары сапарға шықпақ. Топ жетекшілері мен мүшелері қыркүйектің 1-інде Білім күніне орай мектептерде өткізілетін салтанатты шараларға да қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен арнайы кеңес өткізіп, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашевтің хабарлауынша, құрамында 1154 мүшесі бар 209 ақпараттық-насихат тобы ауыл-аймақ тұрғындарымен кездесіп, әлемдік дағдарыстан туындаған жайттарға түсінік беріп, елді мекендер жағдайымен таныспақ.

Топтар құрамында облыстық департамент, басқармалар басшылары, орынбасарларымен қатар «Нұр Отан» ХДП мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары да бар.

Соңғы жаңалықтар